top of page

Дарынды дамыту жұмыстары

(Оқушылардың шығармашылық жұмыстары)

"Абай - қазақ халқының ұлы ойшылы"

Абай -  қазақ халқының ұлы ойшылы, себебі  Абай өз ойларын  жазып, болашақ ұрпаққа қалдырды, өз ойлары арқылы біздің заманымызға да  өз үнін қосып жатыр.  Оның ойлары бүгінгі күні де көп ойландырады. Өте құнды, өте маңызды. Мен Абайдың қара сөздерін толық оқыған жоқпын.  Бірақ аффоризм сөздерін  оқыдым. Маған өте ұнады. Әсіресе, адам мінезі туралы жақсы айтқан. Мінезі жақсы адам  әрқашан өз мақсатына қиындықсыз жетеді.  Мінезі көркем адамның  ішкі қуаты мықты деп ойлаймын.  Себебі мінезді тәрбиелеу - адамның өзін-өзі тәрбиелеуі. Өзін - өзі тәрбиелеу адамның ішкі ерік-жігерінің күштілігін көрсетеді.  Әр кез мінезіңе ие бола алмасаң, қолыңда тұрған  сәттіліктен айырыласың. Мен ойлаймын,  Абаймен сырласатын  оқырман әлі де көп. Абайды оқып отырып, оның өз замандастарынан сырлас таба алмай, қалам мен сияны ермек еткенін ұқтым. Оның әр сөзін түсінуді өзіме мақсат етемін.

Грудева  Диана 10-сынып

"Синквейн"

Абай Құнанбайұлы

Қазақтың бас ақыны

Ұлы ақын, жалғыз, ойшыл.

Жырлайды, толғанады,  қайғырады.

Қазақ  халқында  Абайға дейін сонша танымал ақын болған жоқ.

Хакім  Абай.

 Ахметов Дархан 10 сынып

"Ғажайып талант"

 

Менің ойымша, Абай - ғажайып талант. Себебі, біз қанша жылдар қазақ тілін  оқып, білім аламыз, аралассақ- тілдесетін ортамыз да бар. Соған қарамай, қазақ тілін  жетік меңгере алмай келеміз.  Ал Абай, Приходская школадан 3 ай оқыған орысша білімімен  Пушкинді, Лермонтовты аударып және айналасына жастарды жинап, оларға түсіндірді.  Қарасақ, бұл деген керемет адам ғой? Мен  Абайдың еңбекқор, білімпаз, полиглот екенін  білдім.  Әрине, өте талантты адамға  өзіне дос табу қиын болған деп ойлаймын. Абай өлеңдерінде жалғыздығы туралы көп жазады. 

Вергуш Евгения  10 - сынып

"Байқауға қатыстым"

 

2020 жыл - Абай жылы болды. Биыл біздің мектепте де Абай шығармашылығына байланысты көп шаралар өтті. Мен Абайдың «Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай» өлеңін жаттадым.  Өте күрделі өлең екен. Өлеңнің мазмұнын түсінгеннен кейін жаттау сәл жеңіл болған сияқты. Алғашында конкурсқа қатысуға қорықтым. Қатысқым келмеді. Мұғалімнің көп тексеріп, тұрақты бақылауының арқасында өлеңді жаттап алдым. Конкурс басталған күні сәл қобалжыдым. Конкурсқа қатысушы басқа мектептің оқушыларын көргенде, ол оқушылардың өздеріне деген сенімдерін көргенде, менің де талабым артып кетті. Мен де жеңімпаз болғым келді. Күнде дайындықта «ұмытпай айтып берсем болды» деп зырылдатып айтатын өлеңімді  конкурс үстінде ерекше мәнерлеп оқып бердім. Мен жеңімпаз болдым. Өзіме қатты разы болдым. Мұғалімімнің сенімінен шыққаным үшін қатты қуандым.

Музыка Белла  9-сынып

© 2018 КГУ "Средняя школа №8" отдела образования по г. Усть-Каменогорску управления образования ВКО

Разработчик сайта:

Учитель информатики Аубакирова Вероника Анатольевна

bottom of page